«Қасиет» клиникасы депутат Ербол Айтуовтың өліміне қатысты мәлімдеме жасады
Қасиет клиникасы мәслихат депутаты Ербол Айтуов қайтыс болған оқиғаға байланысты түсініктеме берді.
Медициналық мекеме өкілдерінің айтуынша, қоғамда сынға ұшыраған дәрігер интубация процедурасы дұрыс жүргізілмеді деген айыптаулармен келіспейді.
Клиника мәліметінше, интубация – наркоз кезінде науқастың тыныс алуын қамтамасыз ету үшін жасалатын медициналық процедура. Оның барысында дәрігер арнайы түтікті пациенттің тыныс жолына, көбіне ауыз арқылы кеңірдекке енгізеді.
Бұған дейін депутаттың отаға жазылғаны және кейін қайтыс болғаны қоғамда қызу талқыланған еді. Осыдан кейін әлеуметтік желілерде медициналық процедуралардың дұрыс жүргізілуіне қатысты түрлі болжамдар тарай бастаған.
Қазіргі уақытта оқиғаның нақты себептері анықталып жатыр. Ресми қорытынды жарияланған жоқ.