Қазақстанда мобильді аударым лимиті 2 млн теңгеге дейін өсуі мүмкін
Қазақстанда телефон нөмірі арқылы жасалатын мобильді аударымдардың бір транзакцияға белгіленген шекті сомасы екі есеге арттырылуы мүмкін.
Ұлттық банк бұл лимитті 1 млн теңгеден 2 млн теңгеге дейін көтеруді ұсынып отыр. Бұл туралы Ұлттық банк төрағасының орынбасары Бинұр Жаленов брифингте мәлімдеді.
Қазір тиісті өзгерістер «Ашық НҚА» порталында қоғамдық талқылауға шығарылған. Ұсыныс мақұлданған жағдайда жаңа тәртіп қазан айының соңында күшіне енуі мүмкін.
Яғни қазақстандықтар телефон нөмірі арқылы бір операция кезінде 2 млн теңгеге дейін ақша аудара алады.