Оқиғалар

Австралияда 5 жасар қыздың өлімінен кейін жаппай тәртіпсіздіктер басталды

Австралияның Алис-Спрингс қаласында жергілікті тұрғынның бес жастағы қызының өліміне байланысты жаппай наразылықтар басталды.

Фото: ашық дереккөзден

Жүздеген адам күдікті жеткізілген аурухананы қоршауға алған. Ол – 47 жастағы Джефферсон Льюис.

Жергілікті тұрғындар полиция келмей тұрып ер адамды соққыға жығып, есінен тандырған. Қақтығыс барысында наразылық білдірушілер жедел қызмет көліктеріне тас лақтырып, техниканы өртеген.

Салдарынан полиция қызметкерлері мен медицина мамандары зардап шекті. Жедел жәрдем және өрт сөндіру көліктеріне зақым келген. Құқық қорғау органдары көзден жас ағызатын газ қолдануға мәжбүр болды.

Бес жастағы қыз өткен сенбі күні жоғалып кеткен. Оның денесі орманнан табылды.

Күдікті бұған дейін де зорлық-зомбылық фактілері бойынша сотталған. Қауіпсіздік мақсатында ол Дарвин қаласына жеткізілді.

Билік өкілдері тұрғындарды сабырға шақырып, істің заң аясында қаралатынын мәлімдеді. Қалада уақытша алкоголь сатуға тыйым салынып, полиция бақылауы күшейтілді.

Сайт Әкімшілігі