Шымкент тұрғыны теократиялық мемлекет құруға үндегені үшін 7 жылға сотталды
Шымкент тұрғыны теократиялық мемлекет құруға үндегені үшін 7 жылға сотталды.
Бұл туралы сәуір-мамыр айларындағы экстремизмге қатысты деректерді ҚР ҰҚК баспасөз қызметі жариялады.
Мәліметке сәйкес, сотталған азамат әлеуметтік желілерде терроризм идеяларын насихаттап, теократиялық мемлекет құруға шақырған.
Сондай-ақ осы кезеңде ұқсас істер бойынша:
Астанада бір тұрғын террористік аймақтарға шығуға үгіттегені үшін 8 жылға сотталды.
Қосымша 11 адам ұсталған, олардың арасында екі шетел азаматы мен үш қазақстандық бар (олар шетелден экстрадицияланған).
Қазіргі уақытта бірқатар іс бойынша сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр. Өзге мәліметтер жарияланбайды.