Қоғам

Қамшыбек Тәшиевке мемлекеттік төңкеріс жасамақ болды деген айып тағылды

Қырғызстанда бұрын жоғары лауазымды қызметтер атқарған экс-ҰҚК басшысы Қамшыбек Тәшиевке, бұрынғы депутат Құрманқұл  Зулушевке және Жогорку Кенештің экс-төрағасы Нұрланбек  Шакиевке ресми түрде айып тағылды, деп хабарлады адвокат Шердор Абдыкапаров.

Ашық дереккөзден

Айыптар жаппай тәртіпсіздіктерді ұйымдастыру және тергеу нұсқасы бойынша мемлекеттік төңкеріс жасауға әрекет етуге қатысты ауыр баптар бойынша тағылған.

БАҚ дереккөздерінің айтуынша, күдіктілерден ІІМ-нің Бас тергеу басқармасында бірнеше сағат бойы жауап алынған. Тергеу әрекеттерінен кейін олар ведомство ғимаратынан кеткен.

Құқық қорғау органдарындағы мәліметтерге сәйкес, бұл іс «75-тің хаты» деп аталатын жағдаймен байланысты.

Еске сала кетейік, ақпан айында 75 адамның Садыр Жапаров пен Жогорку Кенеш төрағасына мерзімінен бұрын президент сайлауын өткізу туралы үндеу жолдағаны белгілі болған. Осыдан кейін Қамшыбек Тәшиев ҰҚК төрағасы және Министрлер кабинеті төрағасының орынбасары қызметтерінен босатылған еді.

Сайт Әкімшілігі