Қоғам

Ерлан Қарин «Әділет» партиясының қатарына қосылды

«Әділет» партиясы Құрылтай сайлауына қатысатын кандидаттардың партиялық тізімін жариялады.

Фото: ашық дереккөз

Тізімге барлығы 186 үміткер енгізілген.

Кандидаттар қатарында партия төрағасы Айбек Дәдебаймен бірге Президент Әкімшілігі басшысының орынбасары Ерлан Карин де бар. Осылайша, Ерлан Карин «Әділет» партиясының атынан Құрылтай депутаттығына үміткер ретінде тіркелді.

Ерлан Қаринмен бірге «Әділет» партиясы төрағасы Айбек Дәдебай, Бағдат Мусин, Асхат Аймағамбетов, Марат Башимов, Раушан Қажыбаева және басқа да тұлғаларды кандидат ретінде ұсынды.

Кандидаттар тізімі бекітілмес бұрын съезд қатысушылары партия жарғысының жаңа редакциясын қабылдады.

Сайт Әкімшілігі