Аймақ

Израиль: ХАМАС бітімгершілік шартын бірінші боп бұзып, оқ жаудырды

ЦАХАЛ әлеуметтік желідегі парақшалары арқылы Израиль қорғаныс күштері мен ХАМАС арасындағы әскери қақтығыстың қайтадан жалғасып жатқанын хабарлады.

Фото: из открытых источников

«Сиреналар туралы алғашқы хабардан кейін Израильдің әуе қорғаныс жүйесі Газа секторынан шыққан ракеталарды тоқтатып үлгерді. ХАМАС бітімгершілік шартын бұзып, ел аумағына оқ жаудырды», - делінген ресми мәлімдемеде.

Бұған дейін The Wall Street Journal басылымы Израиль мен ХАМАСтың Газадағы гуманитарлық бітімгершілікті сегізінші күнге ұзартуға келіскенін хабарлаған еді.

Жангүл Есениязова