Ақмола облысындағы тас жолда болған жол апатынан екі адам қаза тапты
Ақмола облысында «Астана – Атбасар – Жақсы» автожолында болған жол апаты салдарынан екі адам көз жұмды.
Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, Lada Granta және DAF XF 480 FT көліктері соғысқан.
«2026 жылғы 1 мамырда “Астана – Атбасар – Жақсы” автожолында Lada Granta және DAF XF 480 FT маркалы көліктері соғысты. Апат салдарынан жеңіл көліктің жүргізушісі мен жолаушысы қаза тапты», – деп хабарлады полиция.
Қазіргі уақытта аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Тергеу нәтижесіне сәйкес тиісті процессуалдық шешім қабылданады.