Қоғам

Қырғызстан Батыс санкцияларына байланысты 50 компанияның жұмысын тоқтатты

Қырғызстан президенті Еуропалық кеңес төрағасы Антониу Коштамен кездесуде Батыс елдерінің Қырғызстанға қатысты санкцияларына алаңдайтынын жеткізді.

Фото: из открытых источников

Жапаровтың айтуынша, Қырғызстан Еуропалық одақ өкілдерімен тұрақты байланыста болып, ақпарат алмасып отырады. Президент биыл Қырғызстанда санкциялық тәуекелі жоғары операцияларға қатысы бар 50 компанияның жұмысы тоқтатылғанын атап өтті. Сондай-ақ Бішкек бұл мәселе бойынша ашық диалогқа дайын екенін мәлімдеді.

Бұған дейін БҰҰ Бас ассамблеясында сөйлеген Жапаров жекелеген мемлекеттер санкцияларды егемен елдердің ішкі ісіне араласу құралы ретінде пайдаланып отырғанын айтқан.

Сайт Әкімшілігі