Саясат

Тоқаев Армения премьер-министрі Никол Пашинянды сайлаудағы жеңісімен құттықтады

Тоқаев Армения премьер-министрі Никол Пашинянды оның «Азаматтық келісім» партиясының парламент сайлауындағы жеңісімен құттықтады.

Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы халықаралық байқаушылардың алдын ала бағалауынша, дауыс беру ашық әрі елдің сайлау заңнамасына сәйкес өткенін атап өтті.

Құттықтау жеделхатында Тоқаев Пашинянға Армения халқының игілігі жолындағы қызметіне табыс тілеп, Қазақстанның достас елмен өзара қызығушылық тудыратын барлық бағыттар бойынша ынтымақтастықты одан әрі дамытуға дайын екенін жеткізді.

Сондай-ақ президент армян халқына бейбітшілік, амандық және мемлекеттің одан әрі өркендеуін тіледі.

Сайт Әкімшілігі