Иран АҚШ-пен соғыста жеңіске жеткенін мәлімдеді
Иран Ислам Республикасының Сыртқы істер министрі Аббас Аракчи Иранның АҚШ-пен қақтығыста жеңіске жеткенін мәлімдеді.
ТАСС агенттігінің хабарлауынша, Иран мемлекеттік телерадио компаниясына берген сұхбатында министр жеңістің ұрыс алаңында келгенін айтқан.
«Вашингтон біздің қарулы күштеріміз бен халқымыздың табанды әрі батыл қарсылығына тап болды. Соғысты аяқтаудың ең қолайлы сәті – басымдық өз тарапыңда болған кез. Біз шынымен де майдан даласында жеңіске жеттік», – деді Арагчи.
Сонымен қатар ол Иранның әскери және саяси қысымға қарамастан өз ұстанымын сақтап қалғанын атап өтті.
Бұған дейін Пәкістан билігі АҚШ пен Иран арасында бейбіт келісімнің мәтіні келісілгенін хабарлаған болатын. Тараптар меморандумға қол қоюға жақын екені де айтылған.
Алайда әзірге АҚШ Иранның «жеңіске жеттік» деген мәлімдемесіне қатысты ресми пікір жарияланған жоқ.