Талдықорғанда ер адамның мәйіті табылды
Әлеуметтік желіде тараған мәліметке сәйкес, марқұмның денесі гараждардың маңынан табылған.
Полицияның хабарлауынша, мәйіттен зорлық-зомбылық белгілері анықталмаған.
Алдын ала болжам бойынша, ер адам тірі кезінде спирттік ішімдіктерді шамадан тыс тұтынған. Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша тергеу жүргізіліп, оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.