Қоғам

Трамп АҚШ-та туғандарға автоматты түрде азаматтық беруді тоқтатпақ

АҚШ президенті Дональд Трамп ел аумағында дүниеге келген адамдарға автоматты түрде азаматтық беру тәртібін жоюды жоспарлап отырғанын мәлімдеді.

Фото: Reuters

Ол бұл туралы Ақ үйдегі Доғал кабинетте сөйлеген кезде айтты. Трамптың сөзінше, АҚШ-та туу арқылы азаматтық алу тәртібін өзгерту қажет. Президент бұған дейін де туу құқығына негізделген азаматтық алуды шектеуге бағытталған бірнеше жарлыққа қол қойған.

Ақ үй әкімшілігінің өкілі Стивен Миллердің айтуынша, шаралардың бірі «босану туризміне» тосқауыл қоюға бағытталған. Яғни шетел азаматтарының баласына АҚШ азаматтығын алу мақсатында елге арнайы келіп, осында босану мүмкіндігін шектеу көзделеді.

Бұл бастама АҚШ-та азаматтық алу талаптарын қайта қарау жөніндегі Трамп әкімшілігінің саясаты аясында жүзеге асырылмақ.

Сайт Әкімшілігі