Түркістан облысында браконьерлерден 260 келіден астам балық тәркіленді
Полиция қызметкерлері балық инспекциясының өкілдерімен бірлесіп, Шардара су қоймасында балық ресурстарын заңсыз өндіруді тоқтатты.
Рейдтік іс-шара барысында Шардара ауданы полиция бөлімінің қызметкерлері қайық пен балық аулау торларын пайдаланып, заңсыз балық аулаумен айналысқан екі азаматты анықтады. Олардан 264 келі әртүрлі балықтар, сондай-ақ қайық және балық аулау торы тәркіленді.
Аталған факт бойынша барлық мән-жайды анықтауға бағытталған қажетті іс-шаралар атқарылуда. Тергеу нәтижелері бойынша қолданыстағы заңнама аясында тиісті шешім қабылданады.
Полиция су биоресурстарын заңсыз өндіру фактілерін анықтау және жолын кесу бойынша рейдтік іс-шараларды жалғастырады. Сақшылар азаматтарды заң талаптарын сақтауға және қоршаған ортаға ұқыпты қарауға шақырады.