Қоғам

Путин Курил аралдарына алғаш рет барып, Жапонияның наразылығын тудырды

Ресей президенті Владимир Путин президенттік қызметінде алғаш рет Курил аралдарына барды.

Фото: ашық дереккөз

Ол Итуруп аралына барған. Жапония бұл аумақты өз территориясы деп санайды. Путин аралда «Ясный» балық өңдеу комбинатын аралап, Курильск аудандық орталық ауруханасына барды және жергілікті тұрғындармен кездесті.

Бұған дейін Курил аралдарына Ресей президенті ретінде Дмитрий Медведев 2010 жылы барған еді. Путиннің сапарына Жапония тарапы қатаң наразылық білдірді. Премьер-министр Санаэ Такаити Токио Ресейге мұндай сапарға жол бермеуді 2024 жылдан бері ескертіп келгенін айтты. Жапония үкіметінің басшысы Оңтүстік Курил аралдары тарихи тұрғыдан да, халықаралық құқық тұрғысынан да Жапонияның ажырамас аумағы екенін мәлімдеді.

Оның сөзінше, Ресей президентінің Итурупқа сапары екі ел арасындағы қарым-қатынасты одан әрі қиындатады.

Айта кетейік, бұған дейін Путин Ресейдің Жапонияға қауіп төндірмейтінін және Токиоға қатысты аумақтық талаптары жоқ екенін айтқан. Сондай-ақ Мәскеу Жапониямен бейбіт келісім жасасу мәселесінің шешімін іздеуге дайын екенін мәлімдеген.

Сайт Әкімшілігі