Әлеумет

Иран Израиль аумағына зымырандар атты

7 маусым күні кешке Иран Израильдің солтүстік өңірлеріне зымырандық шабуыл жасады. Тегеран бұл әрекетін Израильдің Ливанда жүргізіп жатқан операцияларына жауап деп атады.

Фото: ашық дереккөз

Шабуылдан кейін Израиль билігі ел бойынша қауіпсіздік шараларын күшейтті. Мектептердегі оқу процесі уақытша тоқтатылып, ашық алаңдарда 200 адамнан, ал жабық нысандарда 500 адамнан көп адамның қатысуымен өтетін іс-шараларға тыйым салынды.

Сондай-ақ Израильдің басты әуе қақпасы саналатын Бен-Гурион халықаралық әуежайының жұмысы уақытша тоқтатылды.

Трамп Нетаньяхуды Иранға жауап соққысын жасамауға шақырмақ

АҚШ президенті Дональд Трамп Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяхуға жақын арада телефон шалып, Иранның Израильдің солтүстігіне жасаған зымырандық шабуылына жауап бермеуге үндейтінін мәлімдеді.

Трамптың айтуынша, Иранның бүгінгі шабуылдары салдарынан ешкім зардап шекпеген. Ол Израильдің қарсы соққы жасаудан бас тартатынына үміт білдірді.

«Біз Иранмен түпкілікті келісімге қол жеткізуге өте жақынбыз. Бұл жақсы келісім болады. Қазір болып жатқан оқиғалардың кесірінен оның жүзеге аспай қалғанын қаламаймын. Сондықтан Нетаньяхуға хабарласып, жауап шабуылын жасамауды сұраймын», - деді АҚШ президенті.

Бұған дейін Израиль билігі Иранның шабуылына «қатаң жауап беретінін» мәлімдеген болатын.

Сайт Әкімшілігі