Қоғам

Қостанай облысындағы балалар лагерінде санитарлық талаптардың өрескел бұзылғаны анықталды

Қостанай облысындағы «Светофор»балалар лагерінде санитарлық талаптардың сақталмауына қатысты бейнежазба әлеуметтік желіде тарады.

Фото: скриншот

Кадрларда лас әжетхана, еденге төгілген нәжіс және санитарлық-гигиеналық талаптардың өрескел бұзылғаны байқалады. Бейнежазбаны лагерьде демалып жүрген балалардың бірі түсіріп, ата-анасына жіберген.

Оқиғадан кейін Қостанай облысының Білім басқармасы лагерьде тексеру жүргізілгенін хабарлады.

Ведомствоның мәліметінше, тексеру қорытындысы бойынша лагерь директорына анықталған заңбұзушылықтарды қысқа мерзімде жою жөнінде тапсырма берілген.

Қазіргі уақытта жауапты органдар жағдайды бақылауға алып, лагерьдегі санитарлық талаптардың толық сақталуын қамтамасыз ету бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр.

Сайт Әкімшілігі