Қоғам

Оралда әлеуметтік желіде бейәдеп сөздер айтқан азамат қамауға алынды

Полиция қызметкерлері әлеуметтік желілерге жүргізілген мониторинг барысында бейәдеп сөздер мен өзге азаматтарға қатысты балағат сөздер айтылған бейнежазбаны анықтады.

Фото: полиция

Жүргізілген іс-шаралар барысында бейнежазбаның авторы анықталды. Ол — Орал қаласының 30 жастағы тұрғыны Асхат Құмаров болып шықты.

Сот шешімімен құқық бұзушы 5 тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алынды.

Сайт Әкімшілігі