Қоғам

Алматы облысында оқушы суицид жасады

Алматы облысында он бір жасар мектеп оқушысы өз-өзіне қол жұмсады. Полиция мен білім басқармасы баланың өлімін растады.

Фото: из открытых источников

Бала Ұзынағаш ауылындағы мектептердің бірінде алтыншы сыныпта оқыған. Білім бөлімі баланың толық және бақуатты отбасында өскенін хабарлады.

Қайғылы оқиға демалыс күні ата-анасы үйде, ал бала ағасымен ойнап жүргенде болған. Отбасында ешқандай жанжал болғамаған

Баланың мектепте де ешқандай жанжалы болған жоқ. Үйінде өз бөлмесінде болған, кейін өлі күйінде табылды, — деді Жамбыл аудандық білім басқармасының басшысы.

Халық үнінің хабарлауынша, облыстық полиция департаменті оқиғаның 18 қарашада тіркелгенін мәлімдеді.

Бұл деректі полиция Қылмыстық кодексінің 105 «Өзін-өзі өлтіруге итермелеу» бабы, қылмыстық құқық бұзушылық фактісі бойынша тіркеді, – делінген хабарламада.

Құқық қорғау органдарының қызметкерлері соңғы процессуалдық шешім қабылдау үшін жедел-іздестіру шараларын және сараптамалық тексерулер жүргізеді.

Т. РАУШАНҰЛЫ
Тегтер: суицид