Әлеумет

Трамп Иранмен соғысқа Оңтүстік Кореяның қосылғанын қалайды

Дональд Трамп Иранның соңғы әрекеттеріне байланысты мәлімдеме жасап, Тегеранның «Бостандық» жобасына қатысы жоқ елдерге де шабуыл жасағанын айтты.

Фото: AP

Оның сөзінше, бұл әрекеттердің ішінде Оңтүстік Кореяның жүк кемесіне жасалған шабуыл да бар.

Трамп Оңтүстік Кореяны аталған миссияға қосылуға шақырып, жағдайдың күрделене түскенін жеткізді.

«Оңтүстік Кореяның жүк кемесіне де шабуыл болды. Мүмкін, Оңтүстік Кореяның осы миссияға қосылатын уақыты келген шығар!», - деп жазды ол.

Сондай-ақ, ол АҚШ күштері Иранның «жылдам қайықтары» деп аталатын жеті шағын кемесін жойғанын мәлімдеді.

Ақ үй басшысының айтуынша, әзірге Оңтүстік Корея кемесінен басқа, бұғаз арқылы өткен өзге кемелерге айтарлықтай зақым келмеген.

Мәселе бойынша АҚШ қорғаныс министрі Пит Хегсет пен Біріккен штаб бастықтары комитетінің төрағасы Дэн Кин бүгін таңертең баспасөз мәслихатын өткізеді.

Сайт Әкімшілігі