Қоғам

Астанада LRT осы аптада іске қосылады

Бұл туралы City Transportation Systems басқарма төрағасы Асылбек Дүйсебаев мәлімдеді.

Фото: БАҚ

Оның айтуынша, елорда тұрғындары мен қонақтары жаңа қоғамдық көлік жүйесін жақын күндері пайдалана бастайды.

Жаңа LRT пойыздары заманауи талаптарға сай жабдықталған. Әр вагонның ұзындығы 60 метр болады және 600-ден астам жолаушыны тасымалдауға мүмкіндік береді.

«Станциялар арасындағы күту уақыты – 5-6 минут. Жалпы ұзындығы 22 шақырым болатын бағытты шамамен 40 минутта жүріп өтуге болады. LRT жүргізушісіз қозғалады. Вагон ішінде тек операторлар болады», – деді Дүйсебаев.

Сондай-ақ пойыздардың ең жоғары жылдамдығы сағатына 80 шақырымға дейін жетеді. Ал қала ішіндегі орташа қозғалыс жылдамдығы сағатына 50–60 шақырым шамасында болады.

Сайт Әкімшілігі