Қоғам

Қоқыс жәшігінен табылған нәресте: Рудный полициясы жан түршігерлік оқиға туралы жаңа мәліметтермен бөлісті

Рудный қаласының полициясы оқиғаға қатысты жаңа мәліметтермен бөлісті, деп хабарлайды Zhasalash.kz.

Желтоқсанның 17-сі күні Риддер қаласында  қоқыс жәшігінен жаңа туған нәрестенің денесі табылған еді. Белгілі болғандай, бұл ұл бала. Баланың денесінен зорлық-зомбылықпен өлтірілген белгілері табылмады.

Полиция департаменті WhatsApp желісінде бейнебақылау камераларына түсіп қалған видео бойынша ақпараттың рас-өтірігін анықтауда. Онда ер адамның контейнерге жақындап, екі сөмкені лақтырып жатқаны көрсетілген. Жазба сәби табылған Рудный Корчагина көшесіндегі аулада жасалған, сөмкелердің бірінде бала болған деген болжам бар. 

Сайт Әкімшілігі