Қоғам

Солтүстік Аралға шамамен 2 млрд текше метр су жіберілді

Биыл суару маусымында көрші елдерден келетін судың көлемі бастапқыда келісілген көлемнен артық болды.

Фото: ortkom

Осының арқасында біз Арал теңізіне су жіберу көлемі арттырылды, деді Су ресурстары және ирригация министрлігінің ресми өкілі Мөлдір Әбдуалиева.

«Биыл Солтүстік Аралға шамамен 2 млрд текше метр су жіберілді, ал теңіздегі судың жалпы көлемі 22 млрд текше метрге жетті. Соңғы жылдары Солтүстік Аралда су көлемі азайғанымен, 2024 жылдың басынан орташа су деңгейі қайта көтеріле бастады», - деді спикер ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында.
Nazym Sapar
Тегтер: Арал теңізі