Қоғам

Тоқаев Путинді Ресейдегі Мемлекеттік Дума сайлауының өтуімен құттықтады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей президенті Владимир Путинге құттықтау жеделхатын жолдады.

Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Ресейде тоғызыншы шақырылымдағы Мемлекеттік Дума сайлауының өтуіне байланысты Владимир Путинді құттықтаған.

Құттықтау жеделхатында Тоқаев сайлауды Ресейдің қоғамдық-саяси өміріндегі маңызды оқиға ретінде атап өткен. Сондай-ақ ол дауыс беру нәтижесін Ресейдің ұзақмерзімді даму бағытына қатысты халықтың қолдауын көрсететін фактор ретінде бағалаған.

Президент жаңадан сайланған Мемлекеттік Дума депутаттары азаматтардың әл-ауқатын арттыруға және елдің экономикалық әлеуетін нығайтуға бағытталған шешімдер қабылдайтынына сенім білдірді.

Жеделхатта Қазақстан мен Ресей арасындағы парламентаралық ынтымақтастыққа да назар аударылған. Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның Құрылтай депутаттары мен Ресей парламентінің мүшелері екі ел арасындағы ынтымақтастық пен стратегиялық серіктестікті одан әрі дамыту бағытында бірлескен жұмысты жалғастыратынына сенім білдірді.

Мемлекет басшысы Владимир Путинге Ресейдің дамуы жолындағы мемлекеттік қызметіне табыс тіледі.

Сайт Әкімшілігі