Қоғам

Ботагөз Омароваға қатысты қылмыстық іс тоқтатылды

Ботагөз Омароваға қатысты қозғалған қылмыстық іс тоқтатылып, ол қамаудан босатылды. Бұл туралы оның адвокаты Толқын Әбілова мәлімдеді.

Фото: Ботагөз Омарованың Facebook парақшасынан алынды

Адвокаттың айтуынша, қылмыстық істі тоқтату туралы қаулы прокурормен келісілген және Омароваға қойылған барлық шектеулер толық алынған.

Сондай-ақ сот санкциясымен тағайындалған қамау бұлтартпау шарасының күші де жойылғаны хабарланды.

 

Сайт Әкімшілігі