Қоғам

Қостанай облысында 17,4 млн теңгелік медициналық жабдық сатып алуда заң бұзушылық анықталды

Федоров ауданының прокуратурасы аудандық ауруханада медициналық жабдықтарды мемлекеттік сатып алу кезінде заң бұзушылықтарды анықтады.

Фото: ашық дереккөз

Прокуратураның мәліметінше, сатып алу талаптары бәсекелестікті шектеуге мүмкіндік берген. Атап айтқанда, жабдықтардың техникалық сипаттамалары нақты модельдер мен өндірушілерге бағытталған талаптармен тым егжей-тегжейлі жазылған.

Мұндай тәсіл мемлекеттік сатып алу саласындағы заңнамаға, адал бәсекелестік пен өнім берушілердің теңдігі қағидаттарына қайшы келеді.

Прокуратура бұған дейінгі сатып алуларды да зерделеген. Нәтижесінде осындай талаптардың гастробейоскоп, суару сорғысы, зертханалық микроскоп, операциялық үстел, пациент мониторы және басқа да медициналық жабдықтарды сатып алу кезінде қолданылғаны анықталған.

Прокуратура бұл тәжірибенің жүйелі сипат алғанын атап өтті. Анықталған фактілер облыстың өзге аумақтарындағы қадағалау іс-шаралары барысында да ескерілетін болады.

Сайт Әкімшілігі