Әлеумет

Енді емхананы жылдың кез келген уақытында ауыстыруға болады

12 қыркүйектен бастап Қазақстанда емхана ауыстырудың жаңа тәртібі енгізілді.

Фото: из открытых источников

Енді азаматтар арнайы тіркеу науқанын күтпей-ақ, жылдың кез келген уақытында басқа медициналық ұйымға тіркеле алады.

Алайда емхананы жылына бір рет қана ауыстыруға рұқсат етіледі.

Жаңа медициналық ұйымға тіркелу рәсімі расталғаннан кейін азамат келесі күннен бастап учаскелік дәрігердің қабылдауына жазыла алады.

Сондай-ақ емханаға тұрақты немесе уақытша тұратын мекенжайы бойынша тіркелуге мүмкіндік бар.

Сайт Әкімшілігі