Қоғам

Қостанай облысында өзеннен ер адамның денесі табылды

Қайғылы оқиға Қостанай облысында Бейімбет Майлин атындағы ауданда болған.

Фото: из открытых источников

Козырьковка ауылынан Тобыл өзеніне балық аулауға кеткен жергілікті тұрғынның жоғалып кеткені туралы хабар түскен. Құтқарушылар мен полицейлер іздеу жұмыстарын бастады.

«Тобыл өзенінде 2,5 метр тереңдікте, жағалаудан 5 метр қашықта балық аулау кезінде суға батып кеткен 1964 жылы туған ер адамның мәйіті табылып, судан шығарылды. Мәйіт сот-медициналық сараптамаға жіберілді», — деді облыстық ТЖД дағдарыстық жағдайларды басққару бөлімінің бастығы Бақыт Оразов.

Т. РАУШАНҰЛЫ
Тегтер: ТЖД Қостанай