Жамбыл облысында қоқыс жәшігінен жаңа туған сәби табылды
Жамбыл облысының Қордай ауданында жаңа туған нәресте қоқыс контейнерінен табылды.
Оқиға Гвардейский гарнизонының аумағында болған. Нәрестені қоқыс жәшігінен тұрғындар тауып, полицияға хабарлаған.
Ақпаратты аудандық полиция бөлімі растады. Қазір оқиға орнында жедел-тергеу тобы жұмыс істеп жатыр.
Алдын ала мәлімет бойынша, табылған сәби – қыз бала. Дәрігерлер оның жағдайын тексеріп, өміріне қауіп төніп тұрмағанын мәлімдеді.
Нәрестенің қоқыс жәшігіне қалай түскені және оны тастап кеткен адамның кім екені анықталып жатыр.