Қоғам

Ақтауда Каспий жағалауынан тағы да өлі итбалықтар табылды

Ақтаудағы Каспий теңізі жағалауынан бірнеше итбалықтың өлексесі анықталды. Жануарлардың өлекселері кеше 1Б шағынауданының ар жағындағы «Шағала» демалыс аймағы маңынан табылған.

Фото: әлеуметтік желіден

Маңғыстау облыстық экология департаментінің мәліметінше, мамандар оқиға орнына барып, теңіз суынан сынамалар алған. Қазір экологиялық тексеру жұмыстары басталып, итбалықтардың қырылу себебі анықталып жатыр. Әзірге жағаға шығып қалған өлекселердің нақты саны жарияланған жоқ.

Мамандар зерттеу нәтижелері кейінірек хабарланатынын айтты.

Еске салайық, соңғы жылдары Каспий теңізінде итбалықтардың жаппай қырылу жағдайлары жиілеп кеткен. Экологтар мұны теңіздің ластануы, су деңгейінің төмендеуі және экожүйедегі өзгерістермен байланыстырады.

Сайт Әкімшілігі