Қоғам

Алматыда заңсыз қайырымдылыққа ақша жинаудың екі дерегі анықталды

Алматы полицияның мәліметінше, соңғы бір апта ішінде заңсыз қаражат жинауға байланысты екі дерек анықталған.

Фото: полиция

Қазіргі уақытта аталған фактілер бойынша заңнамаға сәйкес тиісті шаралар қабылданып жатыр.

Тәртіп сақшылары қайырымдылық жасамас бұрын ұйымның ресми тіркелгеніне көз жеткізіп, оның қызметі, қаржылық есептілігі және ресми ақпарат көздерімен танысуға кеңес береді.

Алматы қаласы Полиция департаменті Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Тимур Ноғайбаев азаматтарды қайырымдылықтан бас тартуға емес, оны жауапкершілікпен жасауға үндеді.

«Біз тұрғындарды қайырымдылық жасаудан бас тартуға шақырмаймыз. Керісінше, шын мәнінде көмекке мұқтаж адамдарды қолдауды, бірақ мұны саналы түрде жасауды сұраймыз. Ұйым туралы ақпаратты тексеруге кеткен бірнеше минут қаражатыңыздың нақты мұқтаж жандарға жететініне және алаяқтардың қолына түспейтініне көз жеткізуге мүмкіндік береді. Егер қаражат жинаудың заңдылығына күмәніңіз болса, бұл туралы полицияға хабарлаңыз», – деді Тимур Ноғайбаев.

Сайт Әкімшілігі