Қоғам

Ақтауда тегін гүл үлестірген кәсіпкерге айыппұл салынды

Ақтау қаласында жағалауда өткен би кеші кезінде тұрғындарға тегін гүл таратқан кәсіпкер әкімдікпен келісім алмағаны үшін жауапкершілікке тартылды.

Фото: ашық дереккөз

Қала әкімдігінің хабарлауынша, бұл жағдай әлеуметтік желілерге жүргізілген мониторинг барысында анықталған.

Нәтижесінде кәсіпкерге қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылып, оған 20 АЕК мөлшерінде, яғни 86 500 теңге айыппұл салынған.

Әкімдік өкілдері қоғамдық орындарда кез келген жарнамалық іс-шараларды өткізу, сондай-ақ гүл, азық-түлік, киім-кешек және басқа да тауарларды тегін тарату алдын ала уәкілетті мемлекеттік органдармен келісуді қажет ететінін еске салды.

Сайт Әкімшілігі
Тегтер: Ақтау Гүл