Әлеумет

Талғар ауданындағы су қоймасында екі оқушы суға батып кетті

Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, Талғар ауданындағы Өстемір ауылы маңында орналасқан “Саз Талғар №2” су қоймасында екі мектеп оқушысы суға батып көз жұмды.

Фото: скриншот

Оқиға туралы хабар 8 мамыр, жұма күні 112 нөміріне түскен. Ата-анасының қарауынсыз қалған екі кәмелетке толмаған жасөспірім демалысқа арналмаған аумақтағы су айдынының маңында жүрген. Абайсыз әрекет салдарынан олар суға құлап кеткен.

Оқиға орнына Алматы облысы ТЖД-ның күштері мен құралдары жедел түрде жіберілді. Іздеу-құтқару жұмыстары барысында құтқарушылар екі жасөспірімнің мәйітін судан алып шыққан.

Сайт Әкімшілігі