Әлеумет

Иранның жаңа жоғарғы көсемі Моджтаба Хаменеи екі айдан бері халық алдына шықпады

The Wall Street Journal басылымының жазуынша, Моджтаба Хаменеи ақпан айының соңында жасалған әуе шабуылынан кейін көпшілікке көрінбеген. Сол шабуыл кезінде оның әкесі Әли Хаменеи қаза тапқан еді.

Фото: ашық дереккөз

Басылым америкалық және ирандық шенеуніктерге сілтеме жасап, қазіргі жағдайда жоғарғы көсемнің жоқтығы Тегеран мен Вашингтон арасындағы келіссөздерді қиындатып отырғанын хабарлады.

WSJ мәліметінше, 28 ақпандағы соққы кезінде Моджтаба Хаменеи ауыр жарақат алған. Сондай-ақ оның әйелі мен ұлы да қаза тапқан. Содан бері Иран билігі оның қатысуымен ешқандай видео немесе аудио жарияламаған. Мемлекеттік БАҚ тек жазбаша мәлімдемелер таратумен шектеліп отыр.

Басылым жарияланған ресми суреттердің өңделген немесе жасанды интеллект көмегімен жасалған болуы мүмкін екенін де атап өткен.

Сонымен қатар Иран билігі ішінде АҚШ-пен келіссөз жүргізу мәселесіне қатысты пікірталас күшейген. Радикалды топтар Вашингтонмен байланыс орнатуға қатысып жүрген саясаткерлерді, әсіресе парламент спикері Мохаммад Багер Галибафты сынға алып жатыр.

WSJ мәліметінше, ұлттық қауіпсіздік мәселелерінде негізгі төреші саналатын жоғарғы көсемнің болмауы ішкі қайшылықтарды одан әрі ушықтырған.

Сайт Әкімшілігі