Марко Рубио Иранға қарсы «Эпикалық қаһар» операциясының аяқталғанын мәлімдеді
АҚШ мемлекеттік хатшысы Марко Рубио Иранға қарсы әскери операцияның аяқталғанын хабарлады.
Бұл туралы ол Ақ үйде өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді.
Рубионың айтуынша, АҚШ-тың Иранға қарсы жүргізген «Эпикалық қаһар» («Epic Rage») операциясы аяқталған. Сондай-ақ президент Дональд Трамп Конгреске осы кезеңнің аяқталғаны жөнінде ресми хабар берген.
“Эпикалық қаһар” операциясы аяқталды. Біз Конгреске осы кезеңді тәмамдағанымыз туралы хабарладық. Енді “Бостандық жобасы” (“Project Freedom”) операциясына көштік», – деді Рубио Ақ үйде журналистер алдында сөйлеген сөзінде.
Оның болжамынша, қазіргі таңда АҚШ үшін басты міндеттердің бірі – Ормуз бұғазы арқылы кеме қатынасын қайта қалпына келтіру.
Рубионың сөзінше, атысты тоқтату режимі кезінде АҚШ жүргізіп жатқан әскери әрекеттер «қорғаныс операциясы» ретінде қарастырылады.
Бұған дейін АҚШ қорғаныс министрі Пит Хегсет «атысты тоқтату толық аяқталған жоқ» деп мәлімдеген болатын. Ал президент Дональд Трамп бітім режимін бұзу нақты қандай әрекеттермен бағаланатынын ашып айтпады.
Сонымен қатар Трамп келіссөздер сәтсіз аяқталса немесе Иран қолданыстағы бітімді бұзса, бомбалау операциялары қайта жалғасуы мүмкін екенін де жоққа шығармады.