Қоғам

Қайтарылған активтердің бірі болған элиталық үй аукционда 353,8 млн теңгеге өтті

Астанада қайтарылған активтердің бірі саналатын сәнді коттедж электронды аукционда 353,8 млн теңгеге сатылды.

Фото: ашық дереккөз

Сауда бастапқы бағамен өтіп, нысан дәл сол сомаға сатып алынды. 2005 жылы салынған үй елорданың Сарайшық ауданында орналасқан. Жалпы аумағы қосалқы құрылыстарымен бірге 497,6 шаршы метрді құрайды.

Аумағында сауна, хаммам, джакузи, камині бар демалыс бөлмесі және шыныдан жасалған жеке павильон орналасқан. Коттедждің бұрынғы иесінің кім екені жарияланған жоқ.

Сайт Әкімшілігі