Саясат

Назарбаев қоры КТК-дан дивиденд ала алмайды

Коммерциялық «КТК» телеарнасы 2025 жылғы қаржылық қорытынды бойынша пайда болмағандықтан жай акциялар бойынша дивиденд төлемейтін болды.

Фото: gov.kz

Бұл шешім акционерлердің 28 мамырдағы жиналысында қабылданған. Компания 2025 жылғы таза табысын бөлмейді, сәйкесінше жай акциялар бойынша дивидендтер тоқтатылды. Мұндай төлемдер 2022, 2023 және 2024 жылдары да жасалмаған.

Сонымен қатар КТК директорлар кеңесінің мүшелеріне, бас директорға және басқарушы қызметкерлерге де сыйақы төлеуден бас тартты.

 

Ал тек артықшылықты акциялар бойынша төлем сақталған. Олар 10 маусымнан бастап төлене бастады - бір акцияға 100 теңгеден. Мұндай акциялардың жалпы саны 500 дана, сондықтан жалпы төлем көлемі 50 мың теңгені құрайды.

КТК-ның ірі акционерлерінің бірі - Назарбаев қоры. eGov деректеріне сәйкес, телеарнаның құрылымында жалпы 105 құрылтайшы бар.

Ю

Сайт Әкімшілігі
Тегтер: Назарбаев