Оқиғалар

Францияда музейден 4 млн еуроға бағаланған экспонаттар ұрланды

Францияда зергерлік өнерге арналған Lalique музейі тоналды.

Фото: Lalique

Алдын ала мәлімет бойынша, қаскөйлер шамамен 20 экспонатты қолды еткен.

Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, келтірілген шығын көлемі 4 млн еуроға жуықтайды. Ұрланған бұйымдар хрустальдан жасалған. Олар бағалы тастармен әшекейленбегенімен, жоғары көркемдік және коллекциялық құндылыққа ие.Тергеу нұсқасына сәйкес, бетперде киген бірнеше адам музейдің кіреберіс есігін бұзып кіріп, алты көрме витринасын сындырған. Дабыл жүйесі іске қосылғанымен, күдіктілер оқиға орнынан қашып үлгерген.

Оқиғадан кейін музей уақытша жабылды. Қазіргі уақытта полиция бейнебақылау камераларындағы жазбаларды зерделеп, күдіктілерді іздестіріп жатыр.

Сайт Әкімшілігі