Қоғам

Испания 73 мыңнан астам мигрантты Мароккоға қайтарды

Испанияның құқық қорғау органдары Сеута анклавына заңсыз кіруге әрекеттенген 73 мыңнан астам мигранттың Мароккоға қайтарылғанын мәлімдеді.

Фото: ашық дереккөз

Мәліметке сәйкес, 30 шілде күні шамамен 60 мың адам Мароккодан Испанияның Сеута анклавына құрлық арқылы және Тарахаль теңіз бөгеті маңымен жүзіп өтуге әрекет жасаған.

Оқиғадан кейін Испания билігі қауіпсіздік шараларын күшейтіп, Сеутаға 3 мыңға жуық әскери қызметкер мен полиция жасақтарын жіберді. Сонымен қатар елдің Ішкі істер министрлігі теңізде ұзындығы 500 метр болатын қалқымалы бөгет орнатты.

Ресми мәлімет бойынша, мигранттардың басым бөлігі Марокко аумағына қайта оралған. Алайда олардың бір бөлігі әлі де Сеута қаласының орталығында қалып отыр. Олар өз еркімен елге қайтудан бас тартқан.

Испания аумағында нақты қанша мигранттың қалғаны әзірге белгісіз.

Сайт Әкімшілігі