Қоғам

Қызғаныштан бұрынғы әйелін атып өлтірген ер адам 12 жылға сотталды

Қостанайда 37 жастағы бұрынғы әйелін аңшылық карабинмен атып өлтірген 47 жастағы ер адамға сот үкімі шықты.

Фото: ЖИ

Іс материалдарына сәйкес, қайғылы оқиға 17 наурызда болған. Ер адам бұрынғы жұбайының басынан екі рет, кеуде тұсынан бір рет атқан. Қылмысқа қызғаныш себеп болған.

Оқиға кезінде ер адам ортақ 9 жастағы қызын подъезге шығуын сұраған. Осыдан кейін өзі алып келген қаруын шығарып, бұрынғы әйеліне оқ атқан. Кейін баланы туыстарына апарып, полицияға өз еркімен берілген.

Сотта ер адам кінәсін мойындағанымен, қылмысты алдын ала жоспарламағанын айтқан.

Сот шешімімен ол 12 жылға бас бостандығынан айырылды. Жәбірленуші тарап моральдық шығын ретінде 150 млн теңге талап еткен. Алайда сот талапты ішінара қанағаттандырған. Өндірілетін нақты сома жарияланған жоқ.

Сайт Әкімшілігі