Әлеумет

Жылыту маусымында көмір жеткізуді жасанды интеллект бақылайды

Қазақстанда алдағы жылыту маусымына дайындық аясында көмір жеткізілімін бақылауға жасанды интеллект элементтері енгізілді.Энергетика министрі Ерлан Ақкенженовтің айтуынша, көмір қозғалысы Бірыңғай цифрлық платформа арқылы қадағаланады.

Фото: из открытых источников

Жүйе отынның өндірілген сәтінен бастап халық пен коммуналдық-тұрмыстық секторға жеткізілгенге дейінгі қозғалысын бақылауға мүмкіндік береді.

Алдағы жылыту маусымында халық пен коммуналдық-тұрмыстық секторға 7,3 млн тонна көмір қажет. Оның 5,7 млн тоннасы халыққа, ал 1,6 млн тоннасы коммуналдық-тұрмыстық секторға арналған.

Цифрлық платформаға 36 көмір өндіруші кәсіпорынның, 29 мың жартылай вагон арқылы жүзеге асырылатын теміржол тасымалдарының, 586 көмір тұйығы операторының және 1,2 млн-нан астам тұтынушының деректері енгізілген.

Жүйе нақты уақыт режимінде көмір жеткізілімін бақылап, тапшылық қаупін және белгіленген кестеден ауытқуларды автоматты түрде анықтайды.

Министрліктің мәліметінше, елдің ішкі нарығын қажетті көлемдегі көмірмен қамтамасыз ету үшін тиісті шаралар қабылданған.

Сайт Әкімшілігі