Қоғам

Үндістанда жолаушы ұшақтан секіріп кеткен

Үндістанның Ченнаи қаласындағы халықаралық әуежайда ерекше оқиға тіркелді.

ашық дереккөз

Оқиға 3 мамыр күні таңертең болған. Мәліметтерге сәйкес, Air Arabia әуе компаниясының рейсіндегі жолаушы ұшақ қонғаннан кейін төтенше жағдайда қолданылатын есікті ашып, ұшу-қону жолағына секіріп кеткен.

Аталған жағдайға байланысты әуежай әкімшілігі негізгі ұшу-қону жолағын уақытша жапты. Соның салдарынан бірнеше рейс басқа әуежайларға бағытталып, ұшу кестесінде өзгерістер болды.

Жолаушының жеке басы анықталды. Ол – 29 жастағы Мохамед Шериф Мохамед Наджмудин екені белгілі болды. Қазіргі уақытта оқиғаның себептері анықталып жатыр.

Сайт Әкімшілігі