Экономика

Парламентте 2025 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы Үкімет есебі қабылданды

Парламент палаталарының бірлескен отырысында депутаттар 2025 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы Үкімет есебін қабылдады.

Фото: Үкімет

Есепті кезеңде Үкімет негізгі бюджеттік міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз етті. Шығыстардың әлеуметтік бағыты сақталды, ұлттық жобаларды жүзеге асыру жалғасып жатыр. Сондай-ақ экономикалық өсуді қолдау, халықтың табысын арттыру және мемлекеттік қаржының орнықтылығын нығайту шаралары қабылдануда. 2025 жылдың қорытындысы бойынша ел экономикасы тұрақты оң серпінді сақтап қалды, ЖІӨ өсімі 6,5%-ды құрады. Құндық мәнде, жалпы ішкі өнімнің артуы $15 млрд-ты құрады.

Экономикалық өсу аясында орташа айлық жалақы 442 мың теңгеге жетті, бұл ретте жұмыссыздық деңгейі жыл бойы 4,6% деңгейінде сақталды. Орташа айлық жалақы 442 мың теңге деңгейінде қалыптасса, жұмыссыздық жыл бойы 4,6% деңгейінде сақталды.

Еңбекақының ЖІӨ-дегі үлесі шамамен 30%-дан асты. Алдағы уақытта жұмыс осы көрсеткішті орташа әлемдік деңгейге 40% жақындатуға бағытталады.

Сайт Әкімшілігі