Экономика

Қазақстан ХҚДБ және Азия Инфрақұрылымдық Инвестициялар Банкінен қарыз тартады

Мәжіліс Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі арасындағы қарыз туралы келісімді («Экономиканың инклюзивті және орнықты өсуі» даму саясатын қаржыландыруға арналған екінші қарыз) және Қазақстан Республикасы мен Азия Инфрақұрылымдық Инвестициялар Банкі арасындағы қарыз туралы келісімді (Инклюзивті және орнықты экономикалық өсу бағдарламасы) ратификациялады.

Фото: из открытых источников

2026 жылғы 20 мамырда Астанада қол қойылған бірінші келісім Қазақстанға бес жылдық жеңілдікті кезеңді қоса алғанда, 11 жыл мерзімге 92,3 млрд йен сомасында қарыз беруді көздейді. Азия Инфрақұрылымдық Инвестициялар Банкімен келісім 2026 жылғы 15 маусымда Астанада жасалған, оның аясында Қазақстанға 5 жылдық жеңілдікті кезеңді қоса алғанда өтеу мерзімі 11 жыл болатын 62,4 млрд йен сомасында қарыз беру қарастырылып отыр.

Екі келісім бойынша да қаржыландыру жоспарлы кезеңге бекітілген республикалық бюджет тапшылығы шеңберінде ел экономикасының орнықтылығын қолдауға бағытталған. Қарыздар бойынша сыйақы мөлшерлемесі TONA + ауыспалы спред формуласы бойынша айқындалады.

Сондай-ақ қарыз сомасының 0,25%-ы мөлшерінде біржолғы комиссия және игерілмеген қаражат қалдығына жылына 0,25% мөлшерінде резервтеу комиссиясы көзделген. 

Сайт Әкімшілігі