Әлеумет

Атырау облысында Қызылқоға ауданы әкімінің орынбасары жол апатынан қаза тапты

Атырау облысында жол-көлік оқиғасы салдарынан Қызылқоға ауданы әкімінің орынбасары Ерболат Иғали көз жұмды. Марқұм 45 жаста болған.

Фото: ашық дереккөз

Алдын ала мәлімет бойынша, қайғылы оқиға 26 мамыр таңертең болған. Ерболат Иғали жүргізушімен бірге қызметтік көлікпен жұмысқа бара жатқан кезде автокөлік тас жолда аударылып кеткен. Апат салдарынан шенеунік оқиға орнында қаза тапқан. Жүргізуші аман қалған.

Қайғылы жағдай туралы ақпаратты Атырау облысы әкімдігі растады.

— Қызылқоға ауданы әкімінің орынбасары Ерболат Иғалидың мезгілсіз қайтыс болуына байланысты отбасы мен жақындарына, әріптестеріне көңіл айтамыз, — деп хабарлады облыс әкімдігі.

Ерболат Иғали еңбек жолын жергілікті газетте тілші болып бастаған. 2023 жылдың 30 қаңтарынан бастап Қызылқоға ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарып келген.

Сайт Әкімшілігі