Оқиғалар

Непалдағы жойқын тасқыннан келген шығын көлемі белгілі болды

Непалдағы жойқын су тасқыны салдарынан жылжымайтын мүлік, тұрғын үйлер мен инфрақұрылымға кемінде 2,56 млрд доллар көлемінде залал келген. Бұл туралы елдің Табиғи апаттар қаупін азайту және төтенше жағдайларды басқару жөніндегі ұлттық басқармасының басшысы Дхарма Радж Упрети мәлімдеді.

Фото: ашық дереккөз

Оның айтуынша, апаттан кейінгі алғашқы төрт айда қалпына келтіру жұмыстарына шамамен 52,6 млн доллар қажет болады. Бұл қаражат жолдарды жөндеуге, уақытша баспаналар салуға, сондай-ақ тұрғындарды ауыз сумен және электр қуатымен қамтамасыз етуге бағытталмақ.

Соңғы мәлімет бойынша, табиғи апаттан қаза тапқандар саны 1,2 мың адамнан асты.

Еске салайық, 26 тамызда Қытай мен Непал арасындағы шекаралық өткізу бекеті маңында ірі лай көшкіні жүрген. Соның салдарынан жол қатынасы, байланыс және электрмен қамту жүйелері бұзылған.

Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің мәліметінше, табиғи апат болған Непал мен Қытай шекарасы аумағында үш қазақстандық әйел іздестіріліп жатыр.

Сайт Әкімшілігі