Оқиғалар

Астанада көшенің қақ ортасында дрифт жасаған жүргізуші 15 тәулікке қамалды

Астанада жол қозғалысы қауіпсіздігіне қатер төндірген жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Фото: видео-скрин

Полицияның мәліметінше, 29 жастағы шетел азаматы BMW маркалы автокөлікпен көшенің қақ ортасында қауіпті маневрлер жасап, дрифт ұйымдастырған.

Тексеру нәтижесінде жүргізушінің көлік құралын пайдалану қағидаларын бұзғаны және ұсақ бұзақылық жасағаны анықталды.

Сот шешімімен құқық бұзушы 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынды.

Ал оның көлігі арнайы айып тұрағына қойылды.

Сайт Әкімшілігі