Қоғам

Путин Қазақстанға сыйға берілген амур жолбарыстары туралы айтты

Владимир Путин «Казахстанская правда» газетінде жарияланған мақаласында, Қазақстанға жеткізілген амур жолбарыстары жайында айтты.

Фото: pixabay

Оның айтуынша, Қазақстанның өтініші бойынша Ресей тарапы амур жолбарыстарының популяциясын қалпына келтіруге көмектесу үшін арнайы жұмыс жүргізген.

«Хабаров өлкесінде екі ересек жолбарыс пен екі күшігі алынды. Олардың денсаулығы, соның ішінде көбею қабілеті де тексерілді. Кейін олар «Аэрофлот» рейсімен Қазақстанға жеткізілді», — деп жазды Путин.

Қазіргі уақытта ресейлік және қазақстандық ғалымдар жануарларды Іле-Балқаш мемлекеттік табиғи резерваты аумағында бейімдеу және жерсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Кейін жолбарыстар жабайы табиғатқа жіберіледі деп жоспарланған.

Амур жолбарысы – әлемдегі ең сирек жыртқыштардың бірі. Ол халықаралық Қызыл кітапқа енгізілген. Сарапшылардың бағалауынша, Ресейдегі амур жолбарыстарының саны шамамен 750 басқа жетеді.

Айта кетейік, 2025 жылдың қарашасында Ерлан Нысанбаев пен Александр Козлов Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путиннің қатысуымен Қазақстанға амур жолбарыстарын әкелу және оларды бастапқы бейімдеу бойынша бірлескен іс-шаралар жоспарына қол қойған болатын.

Сайт Әкімшілігі