Әлеумет

АҚШ Қазақстанның авиациялық қауіпсіздігін тексереді

21–25 қыркүйек аралығында АҚШ Федералды авиация әкімшілігі (FAA) Қазақстанның ұшу қауіпсіздігіне қатысты халықаралық бағалау жүргізеді.

Фото: Pixabay

Сонымен қатар сарапшылар Қазақстанның авиация саласындағы ережелері Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (ИКАО) халықаралық стандарттарына сай келе ме, соны тексереді.

FAA сарапшылары Қазақстанның авиация саласына қатысты заңнамасы мен нормативтік құжаттарын зерделейді. Сондай-ақ мемлекеттің ұшу қауіпсіздігін бақылау және қадағалау мүмкіндіктеріне баға береді.

Бұл бағалау Қазақстан мен АҚШ арасында тікелей әуе рейстерін ашу мәселесінде маңызды рөл атқарады.

Сайт Әкімшілігі
Тегтер: АҚШ Авиация