Қоғам

ExxonMobil Қашағанға $80 млрд салуға дайын

ExxonMobil компаниясы Қазақстандағы Қашаған кен орнын игерудің батыс бөлігін дамытуға шамамен 80 млрд доллар инвестиция салуға дайын.

Фото: из открытых источников

Алайда компанияның негізгі шарты бар. Bloomberg дерегінше, жоба «ҚазМұнайГазбен» тең үлестегі бірлескен кәсіпорын құруды көздейді. Бұл Қашағандағы мұнай өндіру көлемін тәулігіне шамамен 600 мың баррельге арттыруға мүмкіндік береді.

ExxonMobil үшін басты талаптардың бірі – Қазақстанның консорциум қатысушыларына қатысты жалпы сомасы шамамен 150 млрд доллар болатын талаптарын реттеу. Сонымен қатар 5 млрд долларлық экологиялық талап бойынша да келісімге келу қажет.

Жаңа жоба іске қосылған жағдайда консорциумның өзге қатысушыларына азшылық үлестер ұсынылуы мүмкін.

Қазір Қашаған кен орнында тәулігіне шамамен 450 мың баррель мұнай өндіріледі. ExxonMobil, «ҚазМұнайГаз» және Қазақстан Энергетика министрлігі бұл ақпаратқа қатысты түсініктеме бермеді.

Сайт Әкімшілігі
Тегтер: Кашаган Мұнай